Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қыркүйек, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Президент Жолдауын іске асыру: Ұлттық жұмыспен қамту жоспарының 73%-ы орындалды

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде,- деп хабарлайды newsroom.kz

Президент Жолдауын іске асыру: Ұлттық жұмыспен қамту жоспарының 73%-ы орындалды

Әлеуметтік қолдаудың трансформациясы: атаулы бағыт, проактивтілік және цифрландыру

Мемлекет жыл сайын шамамен 4,5 млн адамды төлемдермен қамти отырып, өзінің әлеуметтік міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындап отыр.

Биылғы 7 айда жоспарланған 6 трлн теңгенің 3,4 трлн теңгесі төленді. Оның ішінде:

• 2,5 млн зейнеткердің 2,5 трлн теңге сомасында зейнетақысы;

• Жалпы сомасы 382 млрд теңге болатын 542 мың азаматқа арналған мүгедектігі жөніндегі және 195 мың отбасыға арналған асыраушысын жоғалтқанына байланысты жәрдемақы;

• 613 мыңнан астам көпбалалы отбасыға және 243 мың марапатталған аналарға арналған 354,5 млрд теңге төлемдер;

• 200 мыңнан астам отбасыға арналған бала тууына және бала күтіміне қатысты берілетін 61,8 млрд теңге жәрдемақы;

• 102 млрд теңге көлемінде өзгедей де төлемдер.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолдаудың атаулы бағыты күшейтілді. Негізгі өзгеріс санаттарға бөлу қағидатынан нақты қажеттілік критерийлеріне көшу туралы болды. Ол үшін әр отбасының әл-ауқатын объективті бағалауға мүмкіндік беретін скорингтік модель жасалды. Жаңа тәсілдер ендігісі Шымкент пен Қарағанды облысында сынақтан өткізілуде.

«Біз мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қысқартпаймыз. Аталған өзгерістер зейнетақыға, мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыға және республикалық бюджеттен төленетін басқа да төлемдер сияқты мемлекеттік кепілдіктерге еш әсер етпейді. Біз жергілікті деңгейде көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен ашықтығын күшейтеміз», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату