Асхат Оралов бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған, PhD дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып бастаған.
2013–2016 жылдары – ЕҰУ-дың протокол бөлімінің жетекші маманы.
2014–2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016–2018 жылдары – Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы.
2018 жылдың қаңтар–тамыз айларында – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.
2018–2019 жылдары – ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019–2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2020–2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2021–2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2022–2023 жылдары – «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы.
2023 жылғы 4 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2024–2025 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.