weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейдегі оба күдігі: Қазақстанға қауіп бар ма?

Ресейдің Иркутск облысында оба ауруына қатысты күдік туындауына байланысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ресейдегі оба күдігі: Қазақстанға қауіп бар ма?
Фото: Ашық деректер көзі

Министрліктің мәліметінше, ведомство Ресейдегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде жолаушыларға бақылау жүргізілуде. Дене қызуы жоғары немесе аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдар әзірге анықталған жоқ.

Мамандар инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупін төмен деп бағалап отыр.

Айта кетейік, Иркутск облысында оба ауруы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Бұған дейін жергілікті қарсы оба институтының қызметкері қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Осыдан кейін оның зертханада жұмыс істеу кезінде қауіпті бактериямен кездейсоқ байланыста болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Ресейдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі өңірдегі жағдай тұрақты екенін хабарлаған. Қайтыс болған әйелге қатысты алдын ала диагноз ретінде белгісіз этиологиядағы пневмония қарастырылып отыр.

Қазіргі уақытта байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Зертханалық тексерулерден ауру белгілері анықталмаған.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер