weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2028 жылдан аэротакси іске қосылуы мүмкін

Қазақстанда аэротакси жобасы сынақтан өтіп жатыр. Коммерциялық ұшулар 2028 жылға жоспарланған.Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады, деп хабарлайды Newsroom.kz.

2028 жылдан аэротакси іске қосылуы мүмкін
Фото: Dknews

Жаңа технологияны дамыту аясында Астана, Алматы және Қосшы қалаларында ұшқышсыз такси бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Алматыда дрон арқылы тауар жеткізу қызметі сынақтан өткізілуде.

Аэротакси бағытында да алғашқы сынақтар жүргізілген.

19 мамырда AutoFlight компаниясы Алатауда демонстрациялық ұшу өткізді. Ал 24 шілдеде AutoFlight Prosperity аппараты Астанадағы «Қазанат» ипподромы аумағында жолаушысыз ұшырылды. Бұл аппарат алты адамға дейін тасымалдауға арналған.

Сондай-ақ EH216-S аппараты жолаушымен демонстрациялық ұшуды орындады. Оның екі адамға дейін тасымалдауға мүмкіндігі бар, жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетеді, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін.

Аэротаксиді пайдалану үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіліп, мұндай әуе аппараттарына арналған қону инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды.

Жоспар бойынша, 2027 жылы ұшқышсыз көлікпен коммерциялық сапарлар мен дрон арқылы жеткізу қызметін кеңейту, ал 2028 жылы аэротаксидің коммерциялық рейстерін іске қосу көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, технологияны енгізудің әр кезеңінде басты назар қауіпсіздік пен қажетті инфрақұрылымның дайындығына аударылады.

Егер жоба жоспарланған мерзімде жүзеге асса, алдағы бірнеше жылда Қазақстанда қала ішінде көлік кептелісін айналып өтіп, әуе арқылы қатынайтын жаңа көлік түрі пайда болуы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер