Түркістан қаласында 190 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыттарда 300-ге жуық жумысшы еңбек етеді. Жыл соңына дейін қосымша 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандармен кездескен қала басшысы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келген сала өкілдеріне алғысын білдіріп, медалдармен марапаттады.
-Жылдар бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін жүргізушіден бастап техник-механикке, диспетчерден кондукторға дейін – барлығыңыз маңдай термен қаламыздың дамуы мен халықтың игілігіне қызмет етіп келесіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Автопарк бүгін көптен күткен 16 жаңа заманауи автобуспен толығып отыр. Жыл соңына дейін қосымша 10 жаңа автобус алуды жоспарлап отырмыз,- деді Әзімбек Пазылбекұлы.