Әкімдікте тарифті көтеру ұсынысын тасымалдаушылардың шығындарының өсуімен түсіндірді. Мәселен, 2014 жылдан бері дизель отынының бағасы литріне 107 теңгеден 329 теңгеге дейін қымбаттаған.
Сонымен қатар жүргізушілердің жалақысы да өскен. Бұған дейін олардың айлығы 100–150 мың теңге шамасында болса, қазір 700 мың теңгеге және одан жоғары деңгейге жеткен.
Бұдан бөлек, автобустарға қажетті қосалқы бөлшектердің, жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындарының құны артқан.
Соңғы үш жылда елордадағы тасымалдаушылар 1127 жаңа автобус сатып алған.
Бұл ретте қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі оқушылар мен басқа да жеңілдік санаттарына жататын азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын сақтайды.
Айта кетейік, 150 теңге әзірге ұсынылып отырған тариф қана. Оның нақты енгізілетіні туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.