Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлеуметтік қолдау: Қарағандыда жаңа жоба бастау алды

Қарағанды қаласында арбаға таңылған азаматтарға арналған заманауи көтергіштер қолданысқа берілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әлеуметтік қолдау: Қарағандыда жаңа жоба бастау алды

Sano PTR 160 маркалы шынжыр табанды көтергіштер Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тапсырмасымен сатып алынды.

– Әкімге талай рет арбаға таңылған қарағандылықтардың үйден шығу қиындығы айтылды. Таза ауаға шығу, дүкенге бару үшін олардың туыстарынан, көршілерінен, достарынан көмек сұрауына тура келеді. Көбіне оларды қолмен түсіреді – бұл әрі қолайсыз, әрі қауіпті. Кейде тіпті шұғыл жолға шығу керек болғанда, жанында көмектесер адам табылмай, ТЖМ қызметін шақыруға тура келген жағдайлар да болды, – дейді облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев.

Айта кетелік, қызметті алу үшін кемінде бір күн бұрын +7-771-981-68-11 нөміріне өтінім беру қажет. Өтінімде мекенжай, байланыс нөмірі және қызмет көрсетілетін уақыт көрсетіледі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату