Аппарат бортында тірі организмдер мен өсімдіктер бар. Олар ондаған ғылыми тәжірибелерге арналады:
▪️ 75 зертханалық тышқан — үш топқа бөлінген, соның ішінде «орбиталық» топ ғарышта 30 күн болады. Олардың қимыл-қозғалысы мен физиологиялық жағдайы камералар және арнайы датчиктер арқылы бақыланады.
▪️ Жәндіктер — дрозофила шыбындары мен құмырсқалар генетикалық және мінез-құлықтық зерттеулерге арналған.
▪️ Шамамен 1500 қызанақ тұқымы — бір бөлігі спутник ішінде, қалғаны сыртқы бетіне орналастырылған. Олар радиация мен температураның қатал жағдайында болады. Жерге қайтқан соң ғалымдар олардың өнуін және ықтимал мутацияларын тексереді.
▪️ Өсімдіктер, балдырлар мен саңырауқұлақтар — мүктер, эхинацея, астық тұқымдастар және микроскопиялық саңырауқұлақтар бар. Ғалымдар салмақсыздықтың олардың ішкі құрылысына және химиялық құрамына қалай әсер ететінін зерттемек.
«Ғалымдар ғарыштың тірі ағзаларға ықпалын — гормондар, иммунитет, көбею үрдістері мен генетиканы — жан-жақты қарастырады. Бұл мәліметтер жаңа дәрі-дәрмек, агротехнологиялар және болашақ ғарыш миссияларына қажетті жаңалықтар жасауға жол ашады», — деп хабарлады Роскосмос.
Миссия 30 күнге жоспарланған. Спутник оралғаннан кейін мамандар «жерлік» және «орбиталық» топтардағы айырмашылықтарды салыстырады. Толық қорытынды деректерді өңдеуден соң жарияланады.