Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Байқоңырға 70 жыл: Президент құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына орай қазақстандықтарға арнайы құттықтау жолдады. Ол Байқоңырдың құрылысына атсалысқан азаматтар мен ардагерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Байқоңырға 70 жыл: Президент құттықтады

— 1957 жылы дәл осы жерден Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылып, адамзаттың ғарышты игеру дәуірі басталды. Ал 1961 жылы Юрий Гагариннің тарихи сапары осы жерден бастау алды. Бұл оқиға бүкіл адамзат баласын біріктірген айтулы кезең болды, — деді Мемлекет басшысы.

Президент атап өткендей, әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы қазақ жерінде орналасқан — бұл біздің ел үшін зор мақтаныш. Ол Қазақстанның Байқоңырды халықаралық әріптестік пен ғылыми ынтымақтастықтың ордасына, ғылым мен технологияның тоғысатын нүктесіне айналдыруға ниетті екенін айтты.

— Байқоңыр қаласының тұрғындарына айрықша алғысымды білдіремін. Ғарышты алғаш зерттегендердің мұрасына деген құрмет пен сіздердің күнделікті еңбектеріңіз зор ықыласқа лайық. Ғарыш саласы адамзатты әрқашан біріктіріп, жаңашылдық пен прогреске жол ашып келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату