Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қандай құжаттар керек?

Елімізде 2–6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үшін жыл соңына дейін 81 мың жаңа орын ашу жоспарланған. Қазір Қазақстанда 11 317 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, қамту деңгейі — 89,1%.

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қандай құжаттар керек?
Фото: Ак Жайық

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, балабақшаға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалалары мен Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталса, басқа өңірлерде бұл жұмыс қыркүйекке дейін жалғасады.

Кезекке қою және жолдама беру электронды жүйе арқылы жасалады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
  2. Өтініш (мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша);
  3. Ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігі (қағаз не электронды нұсқада);
  4. Баланың туу туралы куәлігі (қағаз не электронды нұсқада);
  5. №065/е нысанды профилактикалық екпелер картасы;
  6. №027/е нысанды анықтама;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

Министрлік қазіргі уақытта балабақшаға кезекке қою тәртібін жаңартып жатқанын хабарлады. Жаңа жүйеде кезекке қою мен қабылдаудың бірыңғай базасы жұмыс істейтін болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату