Оқиға 2024 жылдың тамызында Масаншы ауылында болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ер адам жүкті әйелінің мойнына өткір затпен соққы берген. Жәбірленуші оқиға орнында – үйдің ауласында көз жұмған.
Күдікті өз кінәсін мойындамаған. Марқұмның туыстары соттан оған ең ауыр жаза қолдануды сұраған.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі («Айыптыға жүкті екені белгілі әйелді өлтіру») бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы, мүлкін тәркілеумен не онсыз тағайындалады. Сот кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін жағдай ретінде ескеріп, ауырлататын мән-жай таппаған. Нәтижесінде айыпты 15 жылға сотталды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.