Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жүкті әйелдің өлімі ауруханадағы кемшіліктерді әшкереледі

Наурыз айының соңында қоғамдық резонанс тудырған Шу көпсалалы ауруханасында 25 жастағы жүкті әйелдің көз жұмуы әлі де қоғам назарында. Оқиғаға байланысты 27 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі тергеу бастады және қазіргі алдын ала мәліметтерге сүйенсек, мекемеде бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жүкті әйелдің өлімі ауруханадағы кемшіліктерді әшкереледі
Фото: ашық дереккөзден

Атап айтқанда:

  • асқынған анамнезі бар жүкті әйелдерге көмек көрсету стандарттары сақталмаған;
  • дәрігерлер науқастың жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламаған;
  • стационарлық көмекті ұйымдастыруда негізгі талаптар бұзылған;
  • аурухана әкімшілігі медициналық процестерді басқаруда және бақылауда олқылықтарға жол берген.

Бұл деректер әзірге алдын ала сипатта. Тергеу жалғасуда.

Еске салайық, қайғылы жағдай марқұмның жұбайының мәлімдемесінен кейін жұртшылықтың ашуын туғызды. Ол әйелінің денесін палатада емес, аурухананың жертөлесінен тапқанын айтқан. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі бас дәрігер мен босану бөлімінің меңгерушісін қызметінен шеттетіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатаң сөгіс жариялады.

Медициналық стандарттарды бұзған басқа қызметкерлерге де тәртіптік шаралар, тіпті қызметтен босатылуы мүмкін.

Оқиғадан соң Шу қаласындағы перзентхананың мәртебесі аудандық деңгейге дейін төмендетілетіні белгілі болды. Қазіргі таңда бұл бағытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату