Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырауда жүкті әйелді өлтіріп кеткен

Атыраудағы жоғары санаттағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды newsroom.kz сайты.

Атырауда жүкті әйелді өлтіріп кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Stan.kz дерегінше 46 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілгені анықталып отыр. Оның денесі «Француз кварталы» тұрғын үй кешеніндегі пәтерден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм аяғы ауыр болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел пышақ жарақатынан көз жұмған, ал оның пәтерінен бағалы заттар ұрланған. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталған.

Марқұмның денесінен бірнеше пышақ іздері табылған. Сонымен қатар, пәтеріндегі сейф те бұзылғаны белгілі болды.

Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мәліметінше, әйелдің туыстары олардан көмек сұрап, тергеудің әділ өтуіне алаңдаушылық білдірген. Құқық қорғау ұйымы бұл оқиғаны марқұмның кәсіби қызметімен байланыстырып қарау қажеттігін алға тартып, істің толық әрі ашық тергелуін талап етті.

«Мемлекет марқұмның жақындарына шынайы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беріп, кінәлілердің анықталып, әділ жаза алуына кепіл болуы тиіс», – делінген комитет мәлімдемесінде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату