Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Көлік қымбаттауда: Қазақстанда баға ЕАЭО елдерінен озып кетті

Қазақстанда жаңа көлік бағасы Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр. 2025 жылдың маусым айындағы есепке сәйкес, елімізде жеңіл автокөліктердің бағасы бір жыл ішінде 11,6%-ға көтерілген. Бұл — одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. ЕЭК мәліметі бойынша, жалпы ЕАЭО бойынша орташа өсім — небәрі 2,2%.

Көлік қымбаттауда: Қазақстанда баға ЕАЭО елдерінен озып кетті
Фото: ашық дереккөз

Салыстырып қарасақ, Армения мен Беларусьта көлік бағасы керісінше төмендеген. Қырғызстанда — 0,2%-ға ғана, ал Ресейде — 1,4%-ға өскен. Ал егер 2024 жылдың алғашқы жартысы мен 2025 жылдың дәл осы кезеңін салыстырсақ, көлік тек Қазақстанда (+9,3%) және Ресейде (+2,8%) ғана қымбаттаған.

Қазақстандағы бағаның айтарлықтай өсуіне әсіресе жаңа автокөліктер түрткі болған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, маусым қорытындысы бойынша жаңа көліктердің құны бір жылда 21,3%-ға артқан. Ал бұрын қолданыста болған көліктердің бағасы керісінше сәл арзандаған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату