Картина оқиғасы 1978 жылы өтеді. Фильм сюжеті бойынша Дінмұхамед Қонаев жеті қылмыскерге құпия тапсырма береді. Оларға Семей ядролық полигонындағы жоспарланған жарылыстың алдын алу үшін ядролық детонаторды ұрлау міндеті жүктеледі.
Жобаға 720 миллион теңге бюджет жұмсалған. Фильм түсіріліміне 130 адам қатысып, шығармашылық топ картинаны 47 күн бойы түсірген.
Фильм прокатта да алғашқы нәтижесін көрсетті. «7 Қарақшы» алғашқы аптасында 278 миллион теңге жинаған. Бұл фильм бюджетінің шамамен 39 пайызына тең.