Оған сәйкес, қаза тапқандардың 28-і қаланың солтүстік бөлігіндегі Миюнь ауданының тұрғындары. Нөсер жаңбырдан зардап шеккен ауданда тас жолдар мен электр желілері зақымданған.
Бейжіңде соңғы бірнеше күнде жауған жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 166 мм. Қаланың кейбір аудандарында бұл көрсеткіш 544 мм-ге жетеді. Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин адам шығынын болдырмау үшін барынша күш салуды тапсырған болатын.