weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пекин мектептері жасанды интеллект бойынша арнайы курс енгізеді

Қытай астанасындағы бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект (ЖИ) бойынша арнайы курстар енгізілмек. Бұл бастама Қытайдың ЖИ саласында жетекші елге айналу мақсатын күшейту үшін қолға алынуда, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Пекин мектептері жасанды интеллект бойынша арнайы курс енгізеді
Фото: habr.com

Пекиннің білім беру жөніндегі муниципалдық комиссиясының мәліметінше, жаңа оқу бағдарламасы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Курстың аясында оқу жылы ішінде кемінде 8 сағат ЖИ бойынша сабақ өткізіледі. Мектептер бұл пәнді жеке курс ретінде немесе негізгі оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігіне ие.

Қытай жасанды интеллект саласында инновациялардың көшбасшысы болуға ұмтылуда. Қаңтар айында қытайлық DeepSeek стартапы америкалық компаниялардың баламалы өнімдерімен бәсекелесе алатын R1 және V3 моделдерін ұсынды. Бұл әзірлемелерге батыстық IT-алыптарға қарағанда аз ресурс жұмсалған.

ЖИ курстарының енгізілуі Қытай билігінің технологиялық компанияларды дамытуға бағытталған қолдау шараларымен үндесіп отыр. Ел үкіметі технологиялық секторды қайта қаржыландыру бағдарламасын $69 млрд-тан $138 млрд-қа дейін кеңейтуге ниетті.

Bloomberg Intelligence сарапшылары Сесилия Чан мен Джейсон Лидің болжамынша, қытайлық технологиялық алыптардың капиталы 2024 жылдың өзінде $27 млрд-қа жетуі мүмкін.

Қытайдың білім министрі Хуай Цзиньпэн жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. 2025 жылы ел билігі ЖИ-ді білім беру саласында қолдану бойынша ресми бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→