Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Пекин ЖИ технологияларын дамытуға 1 трлн юань жұмсайды

Қытай АҚШ-тың жасанды интеллект саласын дамытуға арналған ауқымды инвестициялары туралы Трамптың жақында жасаған мәлімдемесіне тез жауап қайтарды.

Пекин ЖИ технологияларын дамытуға 1 трлн юань жұмсайды
Monocle

АҚШ 100 млрд доллардан бастап, болашақта 500 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарласа, Қытай бұл бағыттағы жұмысын мемлекеттік деңгейде күшейтуде,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Қытай үкіметі Bank of China банкіне 1 трлн юань (шамамен 137 млрд доллар) бөлуді міндеттеді.

Қаражат келесі бағыттарға жұмсалады:
    •    Күшті ЖИ (AGI) технологияларын әзірлеу
    •    ЖИ зерттеулерін енгізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту
    •    Қытай технологияларын кеңейтуге бағытталған халықаралық әріптестіктер құру

Анықтама: Күшті ЖИ (AGI) – жасанды интеллектінің келесі даму кезеңі. Artificial Narrow Intelligence (ANI) – бір ғана тапсырманы орындайтын, белгілі бір салада маманданған ЖИ (бүгінде біз қолданып жүрген жүйелер). Artificial General Intelligence (AGI) – адамның мүмкіндіктеріне жақын, түрлі тапсырмаларды бірден орындай алатын күшті ЖИ.

Қытай бақылау жүйелері, электрондық коммерция алгоритмдері және үлкен деректерді өңдеу салаларында жетекші орынға ие. Зерттеулерге сәйкес, 2030 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығы 15 трлн долларға жетеді.

ЖИ саласындағы АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке тек технологиялық немесе экономикалық қарсыластық емес. Бұл жаңа геосаяси тартыс, себебі болашақта тез және дәл есептеулер бүкіл әлем бойынша маңызды болмақ. Ал бұл есептеулер қай елдің технологиялары негізінде жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.