Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 шілде, 2025 / Перизат Ілес / Білім

Омбыдағы ҚазҰУ филиалына ресми сапар: РФ Үкіметінің Төрағасы оқу орнымен танысты

Михаил Мишустин Омбы қаласында орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына барды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Омбыдағы ҚазҰУ филиалына ресми сапар: РФ Үкіметінің Төрағасы  оқу орнымен танысты

ҚазҰУ – Ресей аумағында өз филиалын ашқан алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны.
Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысты.

Ресей тарапынан шараға РФ Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Омбы облысының жоғары білім және ғылыми-технологиялық даму министрі Александр Кольцов, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректор міндетін атқарушы Иван Кротт қатысты.
Қонақтар қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, ҚазҰУ-дың оқу корпусы мен ғылыми кітапханасын аралады.

Кездесу барысында ҚазҰУ ректоры филиалдың құрылу тарихы жөнінде айтып өтті, ал Саясат Нұрбек Қазақстандағы ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарының қызметі туралы баяндады.

ҚазҰУ филиалының Омбы мемлекеттік университеті базасындағы ресми ашылуы 2024 жылғы 27 қарашада екі ел президенттерінің қатысуымен өтті.

Айта кетелік, РФ Үкіметінің Төрағасы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ресейлік филиалдардың белсенді қызметі үшін алғыс білдіріп, Омбыда қазақстандық жетекші университеттің филиалының ашылуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол талапкерлерді ҚазҰУ филиалына оқуға түсуге шақырды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату