Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ-та Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты 230 мың құпия құжат жарияланды

АҚШ Ұлттық архивінің сайтында азаматтық құқықтар жолында күрескен Мартин Лютер Кингтің өліміне байланысты 230 мыңнан астам құжат көпшілікке қолжетімді болды.

АҚШ-та Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты 230 мың құпия құжат жарияланды

Құжаттар арасында Кингтің қазасын тергеген ФБР-дің ішкі баяндамалары, әртүрлі болжамдарды талқылаған қызметтік жазбалар, тергеу барысы жайлы есептер және басқа да деректер бар, деп мәлімдеді АҚШ ұлттық барлау қызметінің жетекшісі Тулси Габбард.

Мартин Лютер Кинг — Атланта қаласынан шыққан баптист пасторы және АҚШ-тағы азаматтық құқықтар қозғалысының көрнекті өкілі. Ол 1968 жылғы 4 сәуірде Мемфис қаласында қастандықпен өлтірілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату