Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сауд Арабиясының ханзадасы 20 жыл комада жатып қайтыс болды

Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бин Халид Аль Сауд 20 жылға жуық ес-түссіз күйде жатып, 36 жасында дүниеден өтті. Ол 2005 жылы Лондонда болған жол апатынан кейін комаға түскен еді.

Сауд Арабиясының ханзадасы 20 жыл комада жатып қайтыс болды

Содан бері ол Эр-Риядтағы ауруханалардың бірінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, өмір сүріп келді. Дәрігерлер оның қалпына келуіне ешқандай үміт жоғын айтып, аппараттан ажыратуды ұсынғанымен, әкесі — ханзада Халид бин Талал бұған келіспей, ұлының оянуына сенумен болды.

Ханзаданың қайтыс болғаны туралы хабарды да әкесі өзі әлеуметтік желі арқылы таратты.

«Алланың қалауына сеніп, тағдырға мойынсұна отырып, бүгін жүрегімізге ауыр қайғы түсіп, сүйікті ұлымыздың өмірден өткенін хабарлаймыз. Алла рақым етсін», — деп жазды ол.

Аль-Валид бин Халид жол апатына түскен кезде небәрі 15 жаста болған. Ол әскери колледжде оқып жүрген. Апат кезінде басына ауыр жарақат алып, есін жимастан комаға түскен.

Ол Сауд қоғамында «ұйқыдағы ханзада» деген атаумен танылған болатын. Жыл сайын әлеуметтік желілерде оның жағдайы мен дертіне қатысты пікірталастар жиі көтеріліп тұратын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату