Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда қандай электромобильдер ең көп тіркеліп жатыр?

Қазақстанда электромобильдер нарығы соңғы жылдары қарқынды өзгерістерге ұшырап жатыр. 2022 жылдан басталған нағыз "электро-бум" бұл сегменттің өсіміне жол ашты. Сол жылы ең танымал бренд — Volkswagen еді. Алайда 2024 жылы оның көрсеткіші күрт төмендеп, тіркелім саны 55,6%-ға азайған. Ал қытайлық Geely нағыз серпіліс жасап, екі жыл ішінде 86 есе (яғни 8557%) өсім көрсетіп, көшбасшылар қатарына енді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қазақстанда қандай электромобильдер ең көп тіркеліп жатыр?
Фото: колеса

2022 жылы қандай электромобильдер танымал болды?

Электромобильдер нарығы 2022 жылы күрт өсіп, тұтынушылар мен инвесторлардың назарын аудартты. Алайда 2022–2024 жылдардағы бастапқы тіркеу көрсеткіштері барлық брендтің бірдей табысқа жете алмағанын көрсетті. Бұрын көш бастап тұрған Volkswagen 995 көлікке азайса, Tesla-ның тіркелімі 145 көлікке кеміген.

Керісінше, соңғы екі жылда айтарлықтай алға шыққан үш бренд бар:

  • Changan – тіркелген көлік саны 15,7 мыңға артқан. Бұл – 45 есе өсім, яғни 4000%-дан жоғары.
  • Geely – 9755 көлікке көбейіп, 86 есеге (немесе 8557%) өскен.
  • Lixiang – нарыққа енген сәттен-ақ 4500-ге жуық көлік тіркелген. Бұл бренд 2022 жылы мүлде тіркелмегендіктен, пайыздық өсімді есептеу мүмкін емес.

Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы электромобильдер нарығының қаншалықты жылдам дамып жатқанын аңғартады.

2023 жылғы өзгерістер

Жыл сайынғы өсімге көз жүгіртсек, 2023 пен 2024 жылдар аралығында ең жоғары өсім көрсеткендер:

  • Lixiang – 455,6% өсім (3600 көлікке артық);
  • Dongfeng – 229% өсім (плюс 758 көлік);
  • Hongqi – 216,7% (325 көлікке артық).

Ал кейбір танымал брендтер керісінше, құлдырау кезеңін бастан кешірді:

  • Volkswagen – 89,3%-ға төмендеген (6600 көлікке аз);
  • Tesla – 81,9%-ға кеміген (520 көлікке);
  • Zeekr – 54,4%-ға қысқарған (минус 1621 көлік).

Бұл сандар нарықтағы бәсекенің қаншалықты күшейгенін және тұтынушылардың талғамының өзгеріп жатқанын көрсетеді.

Қытайлық брендтер көш бастады

Жалпы алғанда, Қазақстандағы электромобильдер нарығында қытайлық брендтердің ықпалы артып келеді. Олар өсім қарқыны мен сатылым көлемі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Ал бұрыннан бар дәстүрлі автоөндірушілерге бұл нарықтың жаңа талаптарына бейімделуге тура келіп отыр.

Электромобиль қуатымен бір тойды атқарған қазақтың оқиғасын оқи отырыңыз.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату