Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Майлы қабық, өлі балық: Каспийге не болды?

Соңғы аптада Каспий жағалауында алдымен өлі балық табылды, енді теңіз бетінде майлы қабық пайда болды. Жергілікті тұрғындар алаңдап отыр, алайда әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Майлы қабық, өлі балық: Каспийге не болды?
Фото: тура айту арнасы

12 шілде күні Ақтаудың 15-шағынауданы маңында куәгерлер теңіз бетінде жылдам таралып жатқан майлы дақтарды байқаған. Жарты сағаттың ішінде су бетін өткір иісті тұмша жапқан. Ауа райының ыстығына қарамастан, тұрғындар шомылудан бас тартқан.

Бұған дейін, 7 шілдеде Форт-Шевченко маңындағы жағалауға өлі балық шығып қалған болатын. Оқиға орнына барған экоинспекторлар мен балық шаруашылығы басқармасының мамандары су үлгілерін алып кеткен. Алайда зертханалық талдау нәтижелері әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Оқиғаның себебі ретінде табиғи құбылыстар да, техногендік ластану да қарастырылып жатыр. Бірақ әзірге нақты ешбір нұсқа расталған жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату