Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сенің орныңды кім толтырады?»: Қаза тапқан сарбаздың егізі жан сырын ақтарды

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Мирас Тұрдыбекұлының егіз сыңары әлеуметтік желіде бауырына арнап қоштасу жазбасын жариялады. Бұл туралы Newsroom.kz  хабарлайды.

«Сенің орныңды кім толтырады?»: Қаза тапқан сарбаздың егізі жан сырын ақтарды
Фото: Әлеуметтік желіден

Диас бауырына деген сағынышын өлең жолдарымен жеткізіп, ата-анасына өзі қамқор болатынын жазған. Ол егізінің орнын ешкім баса алмайтынын айтып, бауырының бір киімін онымен бірге жерлейтінін жеткізді. 

«Сені Мирас әлі мен егіз деймін,

Келер әлі Мирас деп сені іздеймін…

Күллі жұртқа сені мақтап мен әлі,

Жаман ана тапқан ұл дегізбеймін…

Бауырым, сенің орның бір бөлек еді. Сенің орныңды кім толтырады? Қолдан келер шара бар ма? Тек сені еске алумен өтем. Уайымдама, әкем мен анама өзім бас-көз боламын. Мені сағынсаң, осымен сағынышыңды басарсың деп, ертең өз бір киімімді өзіңмен бірге жерлеймін. Тек осылай бір-біріміздің сағынышымызды басайық, егізім-ау», – деп жазды ол.

Диас сондай-ақ ағасының туған күнінде оны құттықтау үшін әскерге арнайы барғанын еске алған. Сарбаз теңізде жоғалған кезде оны іздегенін, алайда таба алмағанын жазды. 

«Қолдан келер шара бар ма, бауырым-ау. Менің де қолымнан түк келмеді, іздедім, таба алмадым. «Диас, мен мындамын» деп белгі бердің ғой әр жерден. Егізім-ау, жаның жәннатта болғай», – деген ол.

Бұған дейін Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткені хабарланған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі аман қалған.

Қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан сарбаздардың денелері туған жерлеріне жеткізіліп, жерлеу рәсімдері ұйымдастырылған. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер