Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алакөлдің бітпейтін мәселелері: кәсіпкерлер жарық, байланыс пен жолдың жайын айтты

Алакөл курорттық аймағындағы инфрақұрылым мәселелері жыл сайын қайталануда, дейді туризм саласындағы кәсіпкерлер. Олардың айтуынша, мұнда жарық жиі сөніп қалады, ұялы байланыс нашар, ал жолдардың жағдайы сын көтермейді.

Алакөлдің бітпейтін мәселелері: кәсіпкерлер жарық, байланыс пен жолдың жайын айтты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, инфрақұрылымға қатысты түйткілдер 2020 жылдан бері көтеріліп келеді. Палата бұл проблемаларды шешуге жергілікті бизнес өкілдерімен бірлесіп тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Дегенмен, жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр.

Ең өзекті мәселе — Жалаңашкөл арқылы өтетін жолдың әбден тозуы. Бұл жол Алакөлдің оңтүстігі мен шығысын жалғайтын жалғыз бағыт, бірақ оны жөндеуге қаражат қарастырылмаған.

Туризм өкілдері автотуристер мен жеткізушілердің жолын ашу үшін ең болмаса уақытша тегістеп қоюды сұрап отыр.

Айта кетейік, Алакөлге қатысты тексерістер мен күшейтілген бақылау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымға сын айтқанынан кейін басталды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату