Оның үстінде екі жасөспірім болған. Құтқарушылар реактивті шаңғыны тез сүйретіп, балаларды құрғақ жерге жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеді, деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, оқиғаға техниканың істен шығуы себеп болған. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындар мен туристерге судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.