Ұсынылған құжаттар Мемлекет басшысы бастамасымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылуда.
Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің туризм саласын дамыту аясында 2029 жылға дейін 49 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, 2025 жылы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд теңге бөлінгенін, бұл қаражат жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге, абаттандыру мен көшелерді жөндеуге бағытталғанын айтты. 2026 жылы бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізуге, оның ішінде бейнебақылау жүйелерін және орнықты мобильді интернет-қамтуды енгізуге бағытталады.
Туристік аймақты одан әрі дамыту мақсатында оның аумағын 300-ден 3 мың гектарға дейін ұлғайту және өткізу қабілетін тәулігіне 75 мың туриске дейін арттыру көзделген кешенді жоспарды түзету жұмыстары жүргізілуде. Түзетулер биылғы қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ электр желілерін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу жобалары қамтылған.
2025 жылы облыста туризмді дамыту бойынша жалпы сомасы 8,9 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды.Қабылданып жатқан шаралардың арқасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша сала өсім көрсетіп отыр, мәселен, ішкі туристер саны 9,1-ден 10,1 млн-ға дейін, шетелдік туристер саны 1,3-тен 1,4 млн-ға дейін ұлғайды. Келушілерді орналастыру нысандарының кірістері 350,6 млрд теңгені құрады, ал инвестициялар көлемі 32,6%-ға өсіп, 1,26 трлн теңгеге жетті.