weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері Қазақстан қазынасына 1 млрд теңге кіріс әкелмек

Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys-тың Қазақстандағы концерттері тек мәдени шара ғана емес, ел экономикасына да елеулі үлес қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл концерттерден 1 миллиард теңгеден астам салық төленеді, оның 400 миллион теңгесі Астанадағы концерт үшін төленбек. Негізгі түсім – шетелдік әртістердің қаламақысынан ұсталатын салықтар.

Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері Қазақстан қазынасына 1 млрд теңге кіріс әкелмек

Кіріс тек бюджетпен шектелмейді: мұндай шоулар шағын және орта бизнеске қосымша 1 миллион доллар көлемінде пайда әкеледі. Бұл – туристер ағыны мен сауда-саттықтың жандануының нәтижесі. Мысалы, Джей Лоның концертіне билеттер небәрі 40 минутта сатылып кеткен, сатып алушылардың 35 пайызы – шетел азаматтары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнымен шектелмейді – алдағы уақытта тағы бірнеше шара жоспарланған, олар туралы кейінірек хабарланады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→