Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы 14 шілде өтеді: БАҚ өкілдері қатыса алады

2025 жылғы 9 шілдеде Астанада Қайрат Перизат пен оның анасы Алашбаева Гүлнәрге қатысты 3,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыны жымқыру дерегі бойынша алдын ала тыңдау өтті. 
Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы тілшімізге негізгі сот 14 шілде өтетінін және журналистер қатыса алатыны туралы айтты.

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы 14 шілде өтеді: БАҚ өкілдері қатыса алады

Сот отырысы барысында сотталушы Қайрат пен оның қорғаушысы істі жабық режимде қарау туралы өтініш білдірген. Олар материалдардың ішінде жеке және банк құпиясын құрайтын мәліметтер бар екенін алға тартты.

Прокурор да жәбірленушілердің мүддесі үшін сотталушылардан жауап алу мен кейбір құжаттарды жабық форматта зерделеудің қажеттігін растады. Жәбірленушілердің бір бөлігі бұл өтінішті қолдаса, екінші бөлігі мәселені соттың шешіміне қалдырды.

Тараптардың уәждерін тыңдап шыққан судья қылмыстық істі жалпы алғанда ашық түрде қарауға шешім қабылдады. БАҚ өкілдеріне сот процесіне қатысуға және фото, бейнематериалдар түсіруге рұқсат берілді. Алайда сотталушылардың суретке немесе видеоға түсірілуіне қатысты қарсылығы болған жағдайда, түсірілімге тыйым салынуы мүмкін.

Сот жәбірленушілердің жеке және банк құпияларын сақтау мақсатында сотталушылардан жауап алу және тиісті құжаттарды зерделеу кезеңдерін жабық сот отырысында өткізуге шешім шығарды.

Негізгі сот процесі 2025 жылғы 14 шілдеде Астана қаласы, Кенесары көшесі 3 мекенжайында өтеді.

БАҚ өкілдері сотқа қатысу үшін алдын ала тіркелуі тиіс.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату