Бүгін сот процесінің ашық не жабық өтетіні шешіледі.
Перизат үш жарым миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл қаржы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен соғыс зардабын тартқан палестиналықтарға көмек ретінде жиналған болатын.
Қалған деректер жауап жазбаларда таратып берілген.
Қызығы, соттың баспасөз қызметі алдын ала тыңдауға журналистер шақырылмағанын мәлімдеді. Сот отырысына барғысы келгендер көп болғанымен, ішке тек «Хабар» агенттігінің өкілдері ғана жіберілген.
Осыған орай, тағы бір даулы іске назар аудара кетсек. Маусым айында бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш өзінің бұрынғы жары Карина Госманға (бұрынғы тегі – Мамаш) жасаған озбырлығы үшін сотталып жатқан еді.
Бұл іс бойынша сот тергеуі жабық түрде өтетін болды, ал үкім оқылғанда ғана баспасөз өкілдері қатыса алады.