Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sedona көлігінің жүргізушісі Балқаш бағытына бет алып келе жатып, қарсы бағытқа шығу кезінде көлікті тізгіндеу мүмкіндігінен айырылған. Ол жолдың жөндеу жүріп жатқан бөлігіне өтіп кетіп, қисық металл қоршауға соғылған. Соққыдан кейін көлік отқа оранған.
«Жол апаты салдарынан жеті жолаушы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», — деді Қарағанды облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Азамат Ахметов.
Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция оқиғаның негізгі себептері ретінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау — атап айтқанда, жылдамдықты арттыру мен жүргізушінің шаршауын атап өтті.