ЖОО бойынша оқу ақысы:
Nazarbayev University (Астана)
– Бакалавриат: жылына шамамен $15 000 (7,6 млн теңге)
– Мейірбике ісі: 3 млн теңге
– Оқу тілі – ағылшын, IELTS/TOEFL сертификаты қажет
– Жақсы оқитындар Абай атындағы шәкіртақыға үміткер бола алады
KIMEP University (Алматы)
– Бір академиялық кредит: 145 мың теңгеден
– Жылына 30–36 кредит қажет
– Оқу ақысы: 4,3–5,3 млн теңге аралығы
ҚБТУ (Қазақ-Британ техникалық университеті)
– Бір кредит: 35–40 мың теңге
– Техникалық ЖОО-лар арасындағы салыстырмалы түрде қолжетімді оқу орны
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
– Бағасы мамандыққа қарай: 500 мыңнан 1,7 млн теңгеге дейін
– Мейірбике ісі – ең арзан, заңгерлік – ең қымбат бағдарламалардың бірі
Satbayev University
– Жылдық ақы: 905 мың – 1,3 млн теңге
– Кредит құны: 15–21 мың теңге
– Ең қымбат бағыттар – IT және компьютерлік ғылымдар
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
– Бағасы: 1,35–1,55 млн теңге
– Педагогика – арзанырақ, халықаралық қатынастар – қымбатырақ
SDU University
– Оқу ақысы 1–2,4 млн теңге
– Журналистика және психология: шамамен 1,3 млн теңге
– Экономика мен менеджмент: 2,2 млн теңгеге дейін
Абай атындағы ҚазҰПУ
– 2025 жылға бағалар әлі жарияланған жоқ
– Былтыр: педагогика – 900 мың теңге, IT және өнер – 1,13 млн теңге
Narxoz University
– 62–70 кредит оқу керек, бір кредит: 21,6–38 мың теңге
– Орташа есеппен: 1,3–1,86 млн теңге аралығы
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
– Стоматология: 2,1 млн теңге
– Жалпы медицина: 1,25 млн теңге
– Фармация: 1,45 млн теңге
– Мейірбике ісі: 1,2 млн теңге
Басқа медициналық ЖОО-ларда оқу құны: 900 мың – 1,6 млн теңге аралығында.
Құжат қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 13–20 шілде аралығында жүргізіледі. Өтініштерді egov.kz порталы арқылы немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтарында тапсыруға болады.
Бұған дейін алматылық студент Медина Майсар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы соттасқан болатын. Ол 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бөлінген арнайы гранттарды заңсыз деп тануды талап еткен. Өйткені былтыр кейбір талапкерлер шекті балл жинаса да грантсыз қалды. Ал су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біраз түлегі төмен балмен грант алған.
Мединаға кейін Нархоз университетінде «Құқық» мамандығы бойынша грант берілген. Алайда ата-аналар мен талапкерлер өз наразылығын білдіріп, мұндай өңірлік көмекке жеке квота бөлінуі керек екенін айтқан.