weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қорғаныс университетінің атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталмақ

Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университеті атауын өзгертпек — енді оның құрамында Тұңғыш Президенттің есімі болмайды.

Қорғаныс университетінің атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталмақ

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталып келген оқу орны алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады. Атауды өзгерту туралы жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғам талқылауы 18 шілдеге дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың ақпанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевты Елбасы мәртебесінен және оған байланысты барлық артықшылықтардан айыратын заңға қол қойған болатын. Бұл заң «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жойды.