weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Талғарда үш қабатты үйде жарылыс болып, тұрғындар эвакуацияланды

16 қараша кешкісін Талғар ауданына қарасты Қарабұтақ ауылындағы үш қабатты көппәтерлі үйде жарылыс болып, кейіннен өрт шықты. ТЖМ ақпаратына қарағанда, өрт кезінде газ-ауа қоспасының қатты жарылысы тіркелген.

Талғарда үш қабатты үйде жарылыс болып, тұрғындар эвакуацияланды
Фото: Меирбек Тажкуранов

Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жоғары дайындық деңгейімен жіберілді. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 тобы жұмылдырылды, су жақын маңдағы өрт гидрантынан тасымалданып отырды.

Барлау кезінде құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Сондай-ақ қауіпті аймақтан 15 газ баллоны шығарылып, ықтимал үлкен жарылыстың алдын алған.

Өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқан кезде эвакуацияланған тұрғындар уақытша вахтовка мен екі автобуста орналастырылды.