Айта кетейік, маусым айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға өзгерістер енгізіп, тиісті жарлыққа қол қойған болатын.
ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, бұл тыйым азаматтардың діни сенімі мен жеке таңдауына шектеу қоюды көздемейді. Басқармада әйел адамның денесін жабуы жеткілікті екені, ал беті мен қолын ашық қалдыруға болатыны айтылды. Сонымен қатар, бетті бүркейтін никаб пен соған ұқсас киім үлгілері қазақ халқының дәстүрінде болмағаны да атап өтілді.
«Қоғамдық қауіпсіздік мақсатында мұндай шешімдерді көптеген елдер, оның ішінде мұсылман мемлекеттері де қабылдап жатыр», – деп толықтырды діни басқарма.