Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда оң рөлді көліктерді таксиге пайдалануға тыйым салынады

Қазақстанда такси қызметіне бақылау күшейтіледі. Оң рөлі бар көліктерді такси ретінде пайдалануға жол берілмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қазақстанда оң рөлді көліктерді таксиге пайдалануға тыйым салынады
Фото: Оrda kz

Министрдің айтуынша, такси агрегаторларына оң рөлді 70 мың көліктің тізімі жіберілген. Енді аталған көліктерді такси ретінде тіркеуге мүмкіндік болмайды. Бұл талап Қазақстанда жолаушылар тасымалында оң рөлді көліктерді пайдалануға қойылған шектеулерге байланысты енгізіліп отыр. 

Сонымен қатар жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру жүйесі енгізілуде. Осы арқылы жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың такси қызметінде жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Такси қауіпсіздігін арттыру үшін рейс алдында жүргізушілерді медициналық тексеруден, ал көліктерді техникалық бақылаудан өткізу тетігі әзірленеді.

Бұдан бөлек, такси саласында жүргізушілердің жауапкершілігін бағалауға арналған «балдық» жүйені енгізу жоспарланып отыр.

Мәліметінше, жол қауіпсіздігі мәселесі Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. 2026 жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға, қаза тапқандар саны 15%-ға, ал жарақат алғандар саны 6%-ға төмендеген. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→