weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлыбританияда күндіз шоколад пен фастфуд жарнамалауға тыйым салынды. Не себеп?

Ұлыбритания билігі балалар арасындағы семіздікпен күрес аясында зиянды тағам жарнамасына қатаң шектеу енгізді. Енді фастфуд, тәттілер мен қантты сусындардың тележарнамасы тек кешкі 21:00-ден кейін ғана көрсетіледі. Ал интернеттегі жарнама толықтай тыйым салынған.

Ұлыбританияда күндіз шоколад пен фастфуд жарнамалауға тыйым салынды. Не себеп?
Фото: ашық дереккөз

Билік бұл шешім «тарихтағы ең дені сау балалар буынын қалыптастыруға» бағытталғанын айтады.

Үкіметтің есебінше, аталған шаралар жыл сайын балалар рационынан 7,2 млрд калорияны алып тастауға, семіздікке шалдыққан балалар санын кемінде 20 мыңға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аурулардың алдын алу арқылы денсаулық сақтау жүйесіне 2 млрд фунт стерлинг көлемінде үнем әкелмек.

Ресми статистикаға сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының 22,1 пайызы артық салмақ немесе семіздікке шалдыққан. Жоғары сыныптарға жеткенде бұл көрсеткіш 35,8 пайызға дейін өседі. Ал 5–9 жас аралығындағы балалардың ауруханаға жиі түсуінің басты себебі — тіс жегісі.

Жарнамаға тыйым — кең ауқымды бағдарламаның бір бөлігі ғана. Жоспарға қантты сусындарға салынатын салықты кеңейту (оның ішінде сүтті коктейльдер), 16 жасқа дейінгі балаларға энергетик сатуға тыйым салу, мектеп маңында фастфуд нүктелерін ашуға шектеу қою және балабақшаларда тіс тазалау бағдарламасын енгізу де кіреді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→