Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

10 қыз әкелерінің 60 жасына Ақтаудан пәтер сыйлады

Маңғыстау облысында 10 қыз әкесінің 60 жылдығына орай жүрек тебірентерлік сый жасады – олар әкесіне Ақтаудан пәтер алып берді. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

10 қыз әкелерінің 60 жасына Ақтаудан пәтер сыйлады
Фото: ztb

Қыздардың айтуынша, пәтер алуға қаражатты олар бір жылдан астам уақыт жинаған. Әрқайсысы қолдан келгенше табыс тауып, әкесін қуантуды мақсат еткен.

Пәтер таңдау жауапкершілігі ең белсенділер – егіздер Амина мен Алинаға жүктеліпті. Айта кетейік, бұған дейін, 2021 жылы олар әкесіне көлік сыйлаған. Ал биыл, мерейтой қарсаңында, үй алып беруді жөн деп тапқан.

«Бізді анамызбен бірге еш қиындыққа қарамай өсірді, ешқашан шағымданған емес. Әрқашан біз үшін тырысып жүретін», – дейді үлкен қыздары Жақсыгүл.

Әкелері – Шалғын Үтегенұлы, Маңғыстау облысы Қызан ауылында тұратын көпбалалы әке. Оның 10 қызы мен кенже ұлы бар. Ол әрбір қызының дүниеге келгеніне шын қуанып отырғанын айтады.

Пәтер құны нақты айтылмағанымен, осы сыйдың әке үшін баға жетпес екенін отбасы мүшелері жасырмайды.

«Біздің ата-анамыз – ауылдың қарапайым адамдары. Мал бағып, тыныш тіршілік кешіп келеді. Бірақ бізге махаббат пен тәрбие беруден аянып қалған емес. Біз бар болғаны сол қамқорлықты аз да болса қайтарғымыз келді», – дейді Жақсыгүл.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату