Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сұмдық! Елімізде 800 мың киік атылмақ

Экология министрі Ерлан Нысанбаев алдағы күндері киік атуға қатысты соңғы шешім қабылданатынын айтты. Министрдің сөзінше, ғалымдар жалпы популяцияның 20 пайызын реттеуді ұсынып отыр.

Сұмдық! Елімізде 800 мың киік атылмақ

 

– Ғылыми негіздемені ресми түрде алдық. Қазір ұйымдастыру жұмыстары талқыланып жатыр. Бір-екі күнде нақты шешім қабылданады деп ойлаймын. Ғылым өкілдері киік санының 20 пайызын азайтуды ұсынды, – деді министр.

Министрліктің дерегінше, бүгінде Қазақстанда шамамен 3,9 миллион киік бар. Егер ұсыныс мақұлданса, 800 мыңға жуық бас атуға рұқсат етілуі мүмкін.

Сондай-ақ министр мұндай көлемдегі реттеуді іске асыру үшін ет комбинаттарының жұмысын жолға қою қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта жергілікті әкімдіктер мен жеке компаниялармен бірлескен жобалар қолға алынбақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату