weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзбекстан Қазақстаннан 500 киік алуға ниетті

Қазақстан мен Өзбекстан арасында киік популяциясын сақтау бағытында жаңа меморандум қабылдау мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлаймыз ҚазАқпарат агенттігіне сілтеп.

Өзбекстан Қазақстаннан 500 киік алуға ниетті
Фото: gov.kz

Өзбекстан Экология министрлігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта екі елдің тиісті мемлекеттік органдары келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Құжатты тамыз айында қабылдау жоспарланған.

Келіссөздер барысында өзбек тарапы Қазақстаннан шамамен 500 киік лағын алып, оларды өз жеріне бейімдеу туралы ұсыныс білдірген. Министрлік мамандары ақбөкендердің Өзбекстан табиғи жағдайына қаншалықты бейімделе алатынын зерттемек.

Меморандум жобасында қос мемлекет киіктердің санын бақылап отыру, ортақ деректер базасын құру және оны бір жүйеге біріктіру сияқты бірлескен шараларды қолға алуға ниетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Өзбекстанда бар-жоғы 100-ге жуық киік қалған. Мамандар бұл жағдайға шекара бойындағы қоршаулардың ақбөкендердің еркін қозғалысына кедергі келтіргені себеп болғанын айтады.

Еске сала кетейік, 17 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 киік тарту етілетінін жариялаған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→