weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үкімет шаруаларды дронмен және жасанды интеллектпен мал бағуға мәжбүрлемек

 Үкіметтің жаңа жоспары мал шаруашылығына дрон, чип және жасанды интеллект енгізуді көздейді. Алайда сарапшылар бұл бастамалардың іске асуы күмәнді екенін айтады.

Үкімет шаруаларды дронмен және жасанды интеллектпен мал бағуға мәжбүрлемек
Фото: naryq.kz

Үкімет бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар сала тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жаңашыл ұсынысты қамтиды. Соның ішінде малды есепке алу үшін чип орнатылған ноқта пайдалану ұсынылған. Бірақ бұл жобаларға бюджеттен қаржы қарастырылмаған — барлық шығын бизнес есебінен болуы тиіс.

Құжатта сондай-ақ мал бағу үшін дрон қолдану және табын қозғалысы мен жайылымды болжауда жасанды интеллект пайдалану қарастырылған. Дегенмен сарапшылар мұндай технологиялар ірі шаруашылықтарда ғана мүмкін екенін айтады. Өйткені елдегі 8 млн ірі қараның шамамен 45 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермаларда шоғырланған. Мұндай шаруалардың қаржысы да, білікті мамандары да жеткіліксіз.

Кешенді жоспар қазақстандық ет үшін жаңа экспорт нарықтарын ашуды да көздейді. Қазіргі таңда сиыр етін экспорттау тек квота арқылы жүзеге асады. Жаңа ережеге сәйкес, квота алушылар экспортқа жіберілетін еттің кемінде 15 пайызын ішкі нарықта төмендетілген бағамен сатуға міндеттеледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының фермері Мереке Исмағұлов экспортты толық ырықтандыруды ұсынып, ішкі нарыққа арзан бағамен сатылатын үлесті 30 пайызға дейін жеткізуді ұсынған. Үкімет аралық нұсқаны таңдағанға ұқсайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→