Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев атом өнеркәсібін талқылап, Макронға сәлем жолдады

Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Сыртқы сауда істері жөніндегі уәкілетті министрі Лоран Сен-Мартенмен кездесті.

Тоқаев атом өнеркәсібін талқылап, Макронға сәлем жолдады

Кездесу барысында энергетика және атом өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Айта кетейік, Франция — Қазақстанда салынуы жоспарланған атом электр станциясының құрылысында бас мердігер болуға үміткер елдердің бірі. Бұл қатарда француздың EDF компаниясынан бөлек, Кореяның KHNP, Қытайдың CNNC және Ресейдің Росатом корпорациялары да бар.

АЭС жобасы аясында Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылды. Оның басшысы болып бұрынғы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев осы мүмкіндік арқылы Франция Президенті Эммануэль Макронғаізгі тілегін жеткізді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату