Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Елорда

Макрон не үшін қазақша жазба қалдырды?

Макрон әлеуметтік желіде қазақ тілінде жазба қалдырды

Макрон не үшін қазақша жазба қалдырды?
фото: akorda.kz

Кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді. 

Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон Твиттер парақшасында өзінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

2023 жылдың 1 қарашасында өткен Қазақстанға ресми сапары аясында, француз көшбасшысы “Твиттер” желісінде қазақша пост жазды. 

"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", - делінген Эмманюэль Макронның жазбасында.