Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:19 / Арайна Арайқызы / Әлем

Франция президентін АҚШ-та полиция тоқтатты

АҚШ-қа іс-сапармен барған Франция президенті АҚШ-қа сапармен барған Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йорк көшелерінде күтпеген жағдайға тап болды.

Франция президентін АҚШ-та полиция тоқтатты
X | Reuters

Қауіпсіздік қызметкерлері оны басты көшеден өткізбей қойды.

Себебі – дәл сол сәтте Дональд Трамптың кортежі өтуге тиіс болған. Полиция қызметкерлері француз көшбасшысына: «Қазір Трамп өтеді, сіз күтуіңіз керек» деп ескерткен.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде лезде таралып, қызу пікірталас тудырды. Біреулер мұны Франция президентіне жасалған құрметсіздік деп бағаласа, енді біреулер – АҚШ-тағы қауіпсіздік ережелерінің қаталдығымен түсіндіріп отыр.

Әдетте мұндай оқиғалар халықаралық дипломатияда өте сирек кездеседі. Нью-Йорктегі тосын жағдай Макрон сапарына көлеңке түсіріп, БАҚ-та үлкен сенсацияға айналды. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату