Президенттің баяндамасындағы негізгі тұстар мынадай:
1. Орта дәліз – көлік көпірі болуы тиіс
Тоқаевтың айтуынша, ТМТМ (Транскаспий халықаралық көлік маршруты) Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналуы керек. Ол үшін логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту – басты міндеттердің бірі. Түркі елдері бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуі тиіс.
2. Энергетикалық әртараптандыру қажет
Ұйымның әлеуетін мұнай, газ, уран және өзге де тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыруға пайдалану керек. Тоқаевтың сөзінше, халықаралық сарапшылар Транскаспий мұнай-газ құбырын салу бастамасын талқылап жатыр. Бұл барлық тараптың келісілген іс-әрекетін талап етеді.
3. Сауданы кеңейту керек
«Өткен жылы Қазақстанның ТМҰ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл – еліміздің жалпы сыртқы сауда айналымының 8 пайызы. Бұл жаман көрсеткіш емес, бірақ одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады», – деді Тоқаев.
4. Климаттық апаттарға бірігіп әрекет ету маңызды
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары табиғи апаттар жиілеп кетті. Каспий теңізінің тартылуы экологияға, экономикаға және халықтың өмір сапасына кері әсер етіп отыр. Бұл бағытта түркі елдері бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуі қажет.
Саммит қорытындысында 4 құжатқа қол қойылды:
- ТМҰ-ның Будапешт декларациясы;
- Ауғанстан мәселесіне қатысты Мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
- Өзбекстанның Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосылу туралы шешімі;
- ТМҰ Бас хатшысының өкілеттігін ұзарту туралы шешім.