Сот үкімі Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігіне сәйкес шығарылған.
Қылмыстық іс 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы кезінде мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына байланысты қозғалған. Тергеу нұсқасы бойынша, Ерлан Қожағапановтың іс-әрекетінен мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келген.
Сот процесі бес айдан астам уақытқа созылды. Сот отырыстарында Қожағапанов өзіне тағылған айыптарды мойындамай, істі қолдан ұйымдастырылған деп мәлімдеген.