Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Бір баланы пышақтап жібердім»: Шерзат сотында басты айыпталушы куәлік берді

Алматыда өтіп жатқан атышулы іс бойынша сотта басты айыпталушылардың бірі — Равиль Сакиев жауап берді. Оған адам өлтіруге оқталу, топпен кісі өлтіруге қатысу және суық қару қолданған бұзақылық баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Бір баланы пышақтап жібердім»: Шерзат сотында басты айыпталушы куәлік берді

Сакиевтің айтуынша, ол марқұм Шерзаттың ағасы — Нұрғанат Ғайыпбаевты 2017 жылдан бері таниды екен. Нұрғанат оның туысының бірге оқыған курстасы болған. Қайғылы оқиға болған түнде дүкен маңында екеуінің арасында әңгіме басталған:

«Ол мені қолымнан тартып, «Сөйлесетін шаруа бар, жүрші» деді. Сосын: «Менің інім Шерзат сендердің бір жігіттеріңді ұрып қойыпты, түсініспеушілік болып қалды» деді де, Дарханды нұсқады. Бірақ мен Дарханды танымайтынымды, ол үшін келмегенімді айттым», — деді Сакиев.

Оның сөзінше, төбелес басталғанда өзі араласпаған, тек жігіттерді ажыратқысы келген. Бірақ кейін Нұрғанаттың қолында мылтықты көріп, араласуға бел буған:

«Ол құлап бара жатқанда, артынан тептім. Тұра бергенде желкесінен ұрдым», — деді ол.

Сакиев бір әйел адамның «жедел жәрдем шақырыңдар» деп айғайлағанын естіген соң қорқып, капюшонын киіп, өзін ешкім танымауы үшін қашып кеткен.

Оқиғадан кейін бәрі көлікке отырып кеткенде, Сакиев Азамат Тоқтаубаевтың мылтықты өзімен бірге алып кеткенін байқайды. Ол олардан не үшін қару алғанын сұрағанын, бірақ жауап болмағанын айтты.

Басқа дүкеннің жанында тоқтаған кезде, Абзал Шынасыл:

«Бір баланы пышақтап жібердім», — деп мойындағанын Сакиев жеткізді.

Кейін Сакиевке біреу хабарласып, «төбелестен кейін біреу қаза тапты» дегенді естіген соң, не болғанын білу үшін барып көруге ұсыныс жасағанын айтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату