weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда әйел полицейді пышақтады... (+ВИДЕО)

Атырауда әйел полицейді пышақтады, - деп хабарлайды newsroom.kz

Атырауда әйел полицейді пышақтады... (+ВИДЕО)
Фото: ru.freepik.com

Атырауда әйел полицейді пышақтады. 16 қазан күні сағат 20:50 шамасында Атыраудың Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына екі учаскелік полиция инспекторы жеткен. Құқық бұзушы ер адамды бөлімге жеткізу кезінде оның әйелі, мас күйінде, кенеттен полицейдің арқа тұсына ас үй пышағымен жарақат салған. Әріптесінің шұғыл әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді. Жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілді, пышақ тәркіленді.

Күдіктінің әрекеті бейнежетонға жазылып алынған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті қызметкерлерге қарсы күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. 

Айта кетейік, учаскелік инспекторлар күн сайын ең қиын жағдайларда азаматтарға көмекке келіп, өз өмірлерін тәуекелге тігеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→