SCAT әуекомпаниясы Шымкенттен төмендегі жаңа бағыттарды іске қосады:
27 мамырдан бастап Шымкент – Будапешт (Венгрия) және Шымкент – Мюнхен (Германия) бағыттарында аптасына екі рейстен;
29 мамырдан бастап Шымкент – Шанхай (Қытай) және Шымкент – Сеул (Корея) бағыттарында аптасына екі рейс.
Air Astana компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық рейсті жоспарлап отыр:
14 мамырдан Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына екі рейс;
27 мамырдан Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына үш рейс;
28 мамырдан Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына төрт рейс;
31 мамырдан Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына үш рейс.
Fly Arystan келесі жаңа бағыттарды іске қосады:
18 мамырдан Алматы – Күлджа (Қытай), аптасына екі рейс;
28 мамырдан Астана – Газипаша (Түркия), аптасына екі рейс.
Өзбекстандық My Freighter (Центрум Эйр) әуекомпаниясы 5 мамырдан бастап Алматы – Ташкент(Өзбекстан) бағытын аптасына екі рейспен іске қосты.
✈️ Сонымен қатар, 13 мамырдан бастап Azerbaijan Airlines Астана – Баку (Әзербайжан) бағыты бойынша рейс санын аптасына төртке дейін арттырмақ.