Оның ішінде Құрымсақ, Бала-Сауысқандық, Ақбұлақ, Құндыбай, Верхнее-Еспе және т.б. Қазақстанда Еуропалық Одақ экономикасы үшін маңызды 34 сирек жер элементінің 19-ы өндіріледі, оның ішінде бериллий, тантал, ниобий және рений – олар электроника, қорғаныс, энергетика және телекоммуникация салаларында қолданылатын металдар.
Елдің минералдық-шикізаттық базасы мынадай қорларды қамтиды:
• Вольфрам – 2,4 млн. тонна
• Молибден – 1 млн. тонна
• Литий – 226,9 мың тонна
• Тантал – 4,6 мың тонна
• Ниобий – 27,2 мың тонна
• Бериллий – 117,5 мың тонна
Минералды шикізатты кешенді өңдеу кезінде алынатын селен, теллур, германий, галлий және скандий сияқты микроэлементтер ерекше құнды.